Карағандыда 800 көлік жолда тұрып қалды

0
285

​Жақын арада автоколоннаға полиция ілесіп жүреді.


Карағандыда 800 көлік жолда тұрып қалды

Фото: © freepik.com

ERNUR.KZ. Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыттағы жолдар жабылды: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар. Сонымен қатар, күн сайын 10 мыңнан астам көлік қатынайтын Алматы — Екатеринбург республикалық автожолында да жағдай күрделене түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Теміртау қаласы маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 көлік жиналып қалды.

Полиция жолдағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейін полиция ілесіп жүреді де, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттіліксіз шықпауға шақырады. Сонымен қатар жол жағдайы туралы өзекті ақпарат алу үшін 112 қызметінің хабарламаларын бақылауға кеңес береді.