Қарағандыда адвокат өгей әкесі зорлаған қыздардың анасын жалған куәлік беруге көндіру үшін пара берген

0
1 203

Теміртау қаласының 53 жастағы тұрғыны екі өгей қызын азғындаған.


Қарағандыда адвокат өгей әкесі зорлаған қыздардың анасын жалған куәлік беруге көндіру үшін пара берген

ERNUR.KZ. Қарағандыда адвокат педофилдің мүддесі үшін жалған куәлік берсін деген оймен екі қыздың анасына пара берген. Ол ең төменгі режимдегі колонияда екі жылын өтейді, деп жазады stan.kz.

Теміртау қаласының 53 жастағы тұрғыны екі өгей қызын азғындаған. Анасы жұмыста жүргенде, 11 және 14 жастағы қыздарын зорлаған. Әрі анасына ештеңе айтпауын талап етіп, қорқытқан.

Зорлық-зомбылық бірнеше ай бойы қайталанған. Шыдамы таусылған қыздар анасына бар шындықты айтып беріпті. Әйел дереу полицияға хабарласып, көмек сұраған. Тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болды.

Айыпталушы жазадан құтылу үшін ақша жинаған. Ол адвокаттан балалардың анасына пара беруін сұрап, айғақтарды өз пайдасына өзгертуін сұрапты. Полицейлер мұны біліп, бірден шара қолданды. Олар жәбірленушіге пара берді деген күдікпен адвокатты ұстады.

Өгей қыздарын зорлаған Теміртау тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, адвокат қыздардың анасына 1 миллион теңге, одан соң 6,5 миллион теңге берген. Сондай-ақ ол қалған ақша соттағы айғақтарды өзгерткеннен кейін аударатынын айтқан. Адвокат осы үшін 1 миллион 400 мың теңгедей ақша алған. Оны Қарағанды облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көшеде көлігінің жанында ұстады.

36 жастағы адвокат қылмыстық кодекстің 422-бабының 1-бөлігі "Пара алу немесе аса ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша жалған айғақ беруге мәжбүрлеу" бойынша кінәлі деп танылып, оған ең төменгі қауіпсіздік режимінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кішкентай балалары болғандықтан, жазасы жеңілдетілді.