Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын азаптап ұстаған

0
139

Қарағаныда ажырасқан бұрынғы ерлі-зайыптының 4 жасар ұлы болған.


Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын азаптап ұстаған

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қарағанды тұрғыны бұрынғы әйелінің зорлық-зомбылық көрсеткені дәлелденгеннен кейін төрт жасар ұлын сот арқылы қайтарып алды, деп жазады tengrinews.kz.

Қарағаныда ажырасқан бұрынғы ерлі-зайыптының 4 жасар ұлы болған. Сот әкесін алимент төлеуге міндеттеп, баланың онымен бірге тұратын жерін анықтап, әкесімен кездесу тәртібін бекіткен.

Кездесулердің бірінде әкесі баланың денесінен көгерген жерлерді байқаған. Кейін әкесі баласының зорлық-зомбылық салдарынан балаларды қолдау орталығына орналастырылғанын білген. Анасы баланың қолын байлап, үйінде жалғыз қалдырып, өзі кетіп қалған.

"Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер кілт тесігінен қолдары байланып, жылап бөлмені айналып жүгіріп бара жатқан баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған", - делінген хабарламада.

Кейіннен әкесі ұлын жеке үйіне апарған, онда оның ата-анасы - баланың атасы мен әжесі де тұрады.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланың ауыр халі анасымен бірге тұрған кезінде пайда болғанын анықтады. Керісінше ешқандай дәлел келтірілмеді.

"Осы мән-жайлар бойынша сот баланың әкесінің талаптарын толығымен қанағаттандырды: баланың анасының ата-ана құқықтары шектелді, бала әкесімен тұратын болды, анасына алимент төлеу міндеттелді, ал әкесі оны төлеуден босатылды".

Апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды.