Апат салдарынан ешкім зардап шекпеген.
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласындағы Ә.Ермеков көшесінің бойында автокран аударылды, деп жазады inbusiness.kz.
"8 қыркүйек күні сағат 09.40-та "МАЗ" көлігі – автокранның 28 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, артқа жылжу кезінде аударылуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Көлік құралына механикалық зақым келген.
Автокран жүргізушісіне ӘҚБтК-тің 610-бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Барлық материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.