Оқиға түскі ас кезеңінде болған. Болған жайтты сол маңнан өтіп бара жатқан оқиға куәгерлері баяндап, жедел жәрдем шақырған.
Сурет: unsplash
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы "ТБЦ" аялдамасында аяғы ауыр әйелдің босанып қалғаны туралы ақпарат пайда болды, деп жазады zakon.kz.
Ана мен бала аман-есен, бірақ нәресте жансақтау бөліміне орналастырылды.
Оқиға түскі ас кезеңінде болған. Болған жайтты сол маңнан өтіп бара жатқан оқиға куәгерлері баяндап, жедел жәрдем шақырған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі тез жетіп, босанған әйелді нәрестесімен бірге алып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен оның сәбиінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды.
"Жедел жәрдем көмегімен босанған әйел жаңа туған баласымен бірге облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығына жеткізілді. Ананың жағдайы тұрақты. Бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр", - деп атап өтті ведомстводан.
Бұған дейін Астанада нейрохирургтар от жасап, үш айлық сәбидің миынан үлкен ісікті алғанын жазғанбыз.