Дәл сол жерде тұрған ағасы құлаған студенттің есін жиғызбақ болған.
ERNUR.KZ. Сол маңдағы бардың иесі қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады zakon.kz.
Мекеме қожайынының айтқанын "Патриот" telegram арнасы жариялады.
"Қайғылы сәт көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Екі соққы болды. Әңгімелесіп тұрған кезде 24 жастағы күдікті күтпеген жерден Бөкетов атындағы университеттің 19 жастағы студенті Нұржанның бетінен соққы берді. Жігіт құлаған жоқ, тұрып қалды. Сосын ол екінші рет аяғымен кеудесінен немесе ішінен бір тепті", - дейді ол.
Дәл сол жерде тұрған ағасы құлаған студенттің есін жиғызбақ болған. Көп ұзамай жедел жәрдем келіп, жәбірленушіні алып кетті. Ол кезде мекеме иесінің айтуынша, жас жігіт қайтыс болып кеткен.
Жанжалдың екінші қатысушысы полицияны күтпеген. Ол көлікке отырып, қайғылы оқиға болған жерден кетіп қалған.