Қарағандыда базардан сары май сатып алған зейнеткерді полиция ұстап әкетті

0
261

​Полиция оның төлеген ақшасы жалған деген күдіктенген.


Қарағандыда базардан сары май сатып алған зейнеткерді полиция ұстап әкетті

фото: freepik.com / detry

ERNUR.KZ. Қарағандыда қызық жағдай орын алды: базардан сары май алуға келген 63 жастағы зейнеткердің қолындағы 20 мың теңге жалған ақша болып шықты. Полиция оны алаяқтық жасады деген күдікпен ұстап әкеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Күдікті базарға келіп, сары май алған. Ал, сатушыға 20 мың теңгелік жалған ақша ұстатып кеткен. Ол кінәсін мойындап, жауап берді. Айғақтар тәркіленді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, зейнеткердің басқа да іске қатысы бар ма, жоқ па деген мәселе тексеріліп жатыр.