Жәбір көрген мысық буаз болған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда екі бала ойнап жүріп, мысықты жоғарғы қабаттан лақтырып жіберген, деп жазады Stan.kz.
Оқиға 12 шілдеде Ержанов көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде болған.
"Екі ұл бала тоғызыншы қабаттан мысықты лақтырып, оның мәйітінің жанында біраз ойнап жүрді. Не деген сұмдық? Бұл балаларды табу керек. Бүгін мысықты жоғарғы қабаттан лақтырса, ертең баланы итеріп жібереді. Олардың бұл әрекеттерін дәлелдейтін видео да бар. Бұл балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылса екен", – деп жазады желі қолданушысы.
Кейіннен анықталғандай, мысық тірі қалған. Үй жануарын куәгер көріп, ветеринарлық емханаға алып барған. Мал дәрігерлерінің сөзіне сенсек, мысықтың жағдайы ауыр. Бұған қоса, жәбір көрген мысық буаз болған көрінеді.