​Қарағандыда еңбекке жарамсыздық парағы телефондағы қосымшамен тексеріледі

0
1 202

Облыстың 126 медициналық мекемесі электрондық форматта жұмыс істейді.


​Қарағандыда еңбекке жарамсыздық парағы телефондағы қосымшамен тексеріледі

ERNUR.KZ. Қарағандылық жұмыс берушілер еңбекке жарамсыздық парағының жалған немесе заңды екенін ұялы телефон арқылы анықтауға кіріспек, деп жазады 24.kz.

Жуырда «DamuMed» мобильдік қосымшасында жаңа қызмет түрлері іске қосылады. Мәселен, қажетті дәрі-дәрмек атауын жазып, оның бағасы мен қай дәріханада бар екенін білуге болады. Алдағы уақытта медициналық құжатқа QR-код енгізіледі, осылайша жұмыс беруші құжаттың растығын анықтай алады. Бүгінде «DamuMed» мобильдік қосымшасына Қарағанды облысының 350 мыңнан астам тұрғыны тіркелген. Айта кету керек, аймақ денсаулық сақтау саласын цифрландырудан көш бастады. Облыстың 126 медициналық мекемесі электрондық форматта жұмыс істейді.

Дана Байкенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл мобильдік қосымшаға тіркелген әр мекеменің басшысы кез келген уақытта еңбекке жарамсыздық парағын тексере алады. QR-код арқылы құжаттың қай ауруханадан қашан берілгені жайында ақпарат шығады.