Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

0
235

Оқиға кеше қала сыртында болған.


Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Қарағандыда жергілікті тұрғындар ер адамның мәйітін тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Ер адам жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына жақын жерде, Сортировка тұрғын алабында өлі күйінде табылған.

"14 сәуірде қала шетінде орман екпелерінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факті полицияға тіркелді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге қан айналымының жедел жеткіліксіздігі және басқа да аурулар себеп болған", деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.