Таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал жанған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап өрттен үш газ баллонын шығарды, деп жазады baq.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал жанған.
ТЖМ күшімен үйден 3 бала эвакуацияланды. Жану орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.