Қарағандыда ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін өлтіріп алды

0
116

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табельдік қарудан оқ атып, серіктесін жаралаған.


Қарағандыда ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін өлтіріп алды

фото: Акимат Карагандинской области

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін абайсызда атып өлтірді, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 31 тамызда сағат 21:00 шамасында Топар кентіндегі "ГРЭС" ЖШС нысанында болған.
"Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табельдік қарудан оқ атып, серіктесін жаралаған. Салдарынан оқ тиген күзетші қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Полицияның айтуынша, оқиға абайсызда болған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі және қызметтік тергеу жүргізіледі.