10 және 11 жастағы балалар мысықты көрші үйдің подъезіне алып кірген.
ERNUR.KZ. Қарағандыда жоғарғы қабаттан мысықты лақтырып жіберген балалардың ата-аналары 29 мың мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп жазады Stan.kz.
Балалардың бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Айта кетсек, 10 және 11 жастағы балалар мысықты көрші үйдің подъезіне алып кірген. Олар үй жануарын біраз уақыт азаптап, кейін терезеден лақтырып жіберген. Куәгерлер мысықты мал дәрігеріне алып барған. Буаз мысық біраз дене жарақаттарын алған, бірақ аман қалыпты.
Тұрғындар балалардың бұл ісіне наразы болып, полицияға арыз жазған. Қазіргі таңда қатыгездікке барған жеткіншектер табылған. Олардың ата-аналарына қатысты "Ата-аналық міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған: олар 29 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.