Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде полицей көз жұмды

0
122


Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде полицей көз жұмды

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ Қарағандыда оқу-жаттығулар кезінде жазатайым оқиға кезінде полицей мерт болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тәртіп сақшысының отбасына көңіл айтты.
"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді", - дейді Сәденов.
Министр оқиға орнына өз орынбасарын жібергенін жазды. Тергеу барысын арнайы комиссия бақылайды.
Айта кетері, ақпанның басында Астанадағы "Алатау" спорт кешенінде арнайы жасақтың қызметкері қайтыс болған.