Ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан полицей табылды, деп жазады tengrinews.kz.
Ресми деректерге сәйкес, өткен түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің денесі табылған. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері болған, ол медициналық мекемеге жеткізілді.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұловтың айтуынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалған.
"Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медициналық мекемеге жеткізілді. (...) Барлық іс-әрекет жан-жақты тергеледі, ал кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Бұл істің тергелу барысы менің жеке бақылауымда", — деді Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов.