Қарағандыда супермаркет әкімшісі мен кассирлері бірігіп, қомақты қаржыны иемденіп кетті

0
1 361

Ақша жымқырды деген күдікпен 18 бен 33 жас аралығындағы жұмыскерлер анықталды.


Қарағандыда супермаркет әкімшісі мен кассирлері бірігіп, қомақты қаржыны иемденіп кетті

ERNUR.KZ. Қарағандыда супермаркет әкімшісі мен 4 кассир 6.6 миллион теңгені иемденіп кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы Киров полиция бөліміне қалада орналасқан супермаркеттердің бірінің иесі арызбен шағымданған. Кәсіпкер, полиция қызметкерлеріне кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында 6 миллион 600 мың теңге ақша жетіспеушілігін айтқан.

Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сол мекемеде жұмыс істеген, ақша жымқырды деген күдікпен 18 бен 33 жас аралығындағы жұмыскерлер анықталды. Оның ішінде супермаркет әкімшісі мен төрт кассир болған. Олардың былтырғы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айы аралығында саудадан түскен 6 миллион 600 мың теңге ақшаны қалталарына басқаны белгілі болды.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.