Қарағандыда тұрғын үйдегі жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

0
179

30 қаңтарда болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан еді.


Қарағандыда тұрғын үйдегі жарылыстан тағы бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, зардап шеккен адамдардың бірі ауруханада көз жұмды, деп Inbusiness.kz.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қаңтарда ер адам денесінің 80%-ынан астамын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.

"Үлкен аумақты термиялық жарақат алып жатқанын, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануын, ауыр күйік шогын, көп мүшелер жеткіліксіздігінің ұлғаюын және тағы басқа қабылданған шараларға қарамастан, пациенттің 9 ақпанда қайтыс болғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар тағы бір ересек науқас пен бір бала ауруханадан шықты.