1964 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді.
көрнекі сурет: ТЖМ
ERNUR.KZ. Қарағандыда екі пәтер орналасқан тұрғын үйден өрт шығып, екі бала мерт болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала үйден өздігінен шығып аман қалған. Олар Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді, делінген ТЖД хабарламасында.
Сонымен қатар, 1964 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар оқиға орнынан 2020 және 2022 жылы туған тағы екі баланың денесін алып шықты. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.