Қарағандыда жастар қарт кісіні аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)

0
148

Зейнеткер жараланып, миы шайқалған.


Қарағандыда жастар қарт кісіні аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қарағандыда қарт адам соққыға жығылып, орташа ауыр жарақат алды. Жәбірленушінің туыстары оқиғаның жан-жақты тергеліп, қоғамға ашық жариялануын талап етіп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Вечерняя Караганда» басылымына сілтеме жасаған жәбірленушінің қызының айтуынша, жігіт өзінің азаматтық некедегі жұбайымен және екі жас жігітпен бірге әкесінің фирмасы орналасқан аумаққа келіп, жанжал шығарған. Кейіннен ол зейнеткерге шабуыл жасаған.

«Ол әкемнің екі қабырғасын сындырып, басынан ұрған. Жәбірленушіге ми шайқалу диагнозы қойылды. Ал қалғандары зейнеткерді соққыға жығып жатқанын қарап тұрып, болған жайтты телефондарына түсірген», – деді қарағандылық тұрғын.

Қызының сөзінше, оқиғадан кейін зейнеткер оған қоңырау шалғаннан кейін дереу жеткен.

«Айта кету керек, шабуыл жасағандар мас болған. Әкем көмек сұрап қоңырау шалған соң оқиға орнына жеттім, сол жерде олар маған да тап беріп, құлағымдағы сырғаны жұлып алды», – деді қыз.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар күдіктінің бәрі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты әрі мұқият тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді полиция.