Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр..
ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай 14 қараша күні сағат 20:30 шамасында қала көшелерінің бірінде болған, деп жазады inbusiness.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, 46 жастағы ер адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Осы кезде Ермеков көшесімен келе жатқан Skoda көлігінің 37 жастағы жүргізушісі оны қағып кеткен.
Соққының күшімен жаяу жүргінші қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына құлап, дәл сол сәтте 20 жастағы жүргізуші тізгіндеген ВАЗ көлігі тағы да соғып өткен.
Ауыр жарақат алған ер адам медицина қызметкерлері келіп үлгергенше оқиға орнында қайтыс болды.
Полиция департаменті дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу барысында 2 жүргізушінің әрекеті және оқиғаның нақты себептері толық тексерілмек.


