Қарағандыда жоғалған қойшының денесі табылды

0
1 315

Қарағанды облысы Атасу ауылының 55 жасар тұрғыны жазық далада өлі күйінде табылды. Ол 29 наурыз күні таңертең малын іздеуге шығып, хабарсыз кеткен.


Қарағандыда жоғалған қойшының денесі табылды

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Із-түссіз жоғалып кеткен Қарағанды облысы Атасу ауылының тұрғыны жазық далада өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық ТЖД өкілдері 55 жастағы ер адамның 29 наурызда таңғы уақытта мал іздеуге шыққанын айтады. Соңғы рет ол түске таман байланысқа шыққан, ал түн жарымда оны іздеу шаралары басталған.

"Жедел іздеу шараларын жүргізу үшін Қарағанды облыстық ТЖД жасақтары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Іздеу шараларына жолдың болмауы кедергі келтіріп, жаяу жүргіншілер кірісті. 30 наурызда түнгі 03:00-де көру мүмкіндігі төмен болуына байланысты іздеу шаралары уақытша тоқтатылып, 06:00-де қайта жалғасты. 13:37-де Жаңаарқа ауаны Атасу ауылынан алты шақырым жерде іздеу жарияланған ер адамның мәйіті табылды", - деді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Ер адамның неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін белгілі болатыны айтылады.