Қарағандыда жоғалып кеткен 72 жастағы қарияның денесі табылды

0
430

16 қараша күні 72 жасар қарағандылық азамат үйінен шығып, қайта оралмаған.


Қарағандыда жоғалып кеткен 72 жастағы қарияның денесі табылды

ERNUR.KZ. 17 қараша күні Қарағандыдағы аудандардың бірінде 72 жастағы ер адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция департаменті қарияны іздеуге қала мен облыс полициясының барлық гарнизоны жұмылдырылғаны жөнінде хабарлаған.

"17 қараша күні сағат 20.40-та ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені анықталды. Бүгінгі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 16 қараша күні 72 жасар қарағандылық азамат үйінен шығып, қайта оралмады. Қарияның қызы әкесінің денсаулығында кінарат болғанын хабарлаған. Іздеу жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы жүргізіліп, тәртіп сақшылары мен еріктілер де жұмылдырылған болатын.