Қарағандыдағы қайғылы оқиға: көпқабатты үйде газ жарылғаны расталмады - видео

0
549

Оқиға орнында газ құрылғылары табылмаған.


Қарағандыдағы қайғылы оқиға: көпқабатты үйде газ жарылғаны расталмады - видео

ERNUR.KZ. Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртке пәтерлердің бірінде газ жарылуы себеп болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл болжам расталмағанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Оқиға орнында газ құрылғылары табылған жоқ. Жылу жүйесі бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.



Тұрғындарды жылумен қамтуға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің үш ауысымы жұмылдырылған. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылған. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жүр.
Тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. 82 адам эвакуацияланды. Құтқару қақпақтарының көмегімен барлығы 48 адам аман қалды, оның ішінде 9 бала.
Еске салсақ, кеше кешке Қарағандыда көпқабатты үйде жалпы аумағы 30 шаршы метр отқа оранды. Пәтерден 1979 жылы туған ер адам секіріп кеткен. Ол түрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Өрт орнында барлау барысында үш адамның (болжам бойынша екі ер адам мен бір әйел) мәйіті табылды.