1 қазанға қараған түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің мәйіті табылған болатын.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қарағандыда полиция пунктінен өлі табылған әйелге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның жанынан ес-түссіз жатқан учаскелік инспектор табылған еді, деп жазады tengrinews.kz.
Арна мәліметінше, марқұмның жасы 23-те, артында 4 жастағы ұлы қалған. Ол еш жерде жұмыс істемеген және учаскелік полиция қызметкерімен таныс болған. Туыстары өлімнің нақты себебін білу үшін химико-токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.
Ал дәрігерлердің айтуынша, Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің пунктінен ес-түссіз табылған учаскелік инспектор ауыр халде болған. 36 жастағы полиция қызметкерінің жағдайы әлі де ауыр, бірақ енді өміріне қауіп жоқ екені айтылды.
"Жағдайының жақсару динамикасы байқалады", – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 1 қазанға қараған түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де болған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.