Қарағандыдағы тұрғын үйде үш бала лифт ішінде қалып қойды

0
110

2011 және 2012 жылы туған балалар лифт ішінде қалып қойған.


Қарағандыдағы тұрғын үйде үш бала лифт ішінде қалып қойды

ERNUR.KZ. Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған балаларға көмек көрсетті, деп жазады baq.kz.

Қарағанды қаласының 112 қызметіне Гүлдер шағын ауданына қарасты көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде 2011 және 2012 жылы туған балалардың лифт ішінде қалып қалғаны туралы хабарлама түсті, - делінген ақпаратта.

Шақырту орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтін пайдаланып кабинаның есігін ашты және іште қалған 3 баланы сыртқа шығарды.

Балаларға медициналық көмек қажет болған жоқ, қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілді.