Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
ERNUR.KZ. Қарағандыдағы 16 қабатты үйде болған жарылыс кезінде ер адам 8-қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен, деп жазады ulysmedia.kz.
Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
«Жарылыс салдарынан 8-қабаттағы пәтерден секірген бір адам жарақат алды. Ол тірі, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта диагнозы және жағдайы нақтылануда», - деді ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.
Оқиға орнына жеткен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев эвакуацияланған тұрғындарды қазір қонақүйлерге жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Еске сала кетсек, кеше кешкі тоғыз жарымда Қарағандыдағы 16 қабаттың үйдің 8 қабатындағы пәтерде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты.