Қажылар төрт папалық базиликаның киелі қақпаларынан өтіп, Шіркеу тарихымен байланысты орындарда дұға етті.
Фото: vaticannews.va
ERNUR.KZ. 24 тамыз күні Қазақстаннан барған отыз қажы Әулие Петр алаңында өткен жексенбілік «Ангел Господень» дұғасына қатысты, деп жазады inform.kz.
Сол жерде Рим Папасы Лев XIV оларға: «Қарағандыдан (Қазақстан) келген қажыларды қарсы аламын», — деп сәлем жолдады.
20-24 тамыз аралығында Қазақстаннан келген отыз қажы — олардың көпшілігі Қарағанды епархиясынан — Италияға сапар шегіп, Мерейтойлық жылдың маңызды сәттерін бастан кешіруге мүмкіндік алды. Ең кішкентай қажының жасы небәрі он ай болған.
Қажылар төрт папалық базиликаның киелі қақпаларынан өтіп, Шіркеу тарихымен байланысты орындарда дұға етті.
Еске сала кетейік, 3 тамызда Римнің шетінде Ватикан ұйымдастырған Халықаралық жастар күні үлкен діни рәсіммен аяқталды. Рим Папасы Лев XIV өткізген мессаға қатысу үшін Тор-Вергата ауданында әлемнің 146 елінен 1 миллионнан астам жас діндар жиналды.