Ай басында күн жылынып, артынша қар жауып ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты көктайғақ пайда болған.
ERNUR.KZ. Соңғы күндері елдің басым бөлігінде аяз бен көктайғақ болуда. Тіпті ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыда курьерлер тапсырысты конькимен жеткізуде, деп жазады stan.kz.
Ай басында күн жылынып, артынша қар жауып ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты көктайғақ пайда болып, қозғалыс мәселесі күрделенген болатын. Қарағандылық курьерлер бұл мәселеден шығу үшін қарапайым аяқ киімді конькимен алмастырған.
Бұған дейін де Астана көшелерінде конькимен сырғанаған жігіттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары мен БАҚ өкілдері конькишінің бейнесін көрсетіп, елорда тротуарларымен жүру мүмкін емес екенін айтқан болатын.
Бұдан бөлек қатты аяздан еліміздің Павлодар облысында кеш мезгілінде аспанда түрлі түсті жарықтармен ерекше көрініс пайда болған.