Ол бұған дейін Қазақстан рекордын орнатқан болатын.
ERNUR.KZ. Заңғар Әлкенов 320 шақырым қашықтықты небәрі 48 сағат ішінде жүгіріп өтпек, деп хабарлайды Хабар 24.
Бүгін желаяқ жолға шықты. Жезқазған қаласынан Жаңаарқа елді мекеніне дейінгі аралықта бірнеше мәрте аялдап, тынығатын болады. Арнайы сұйық тағам мен түрлі дәрумендер ішеді. Ал денсаулығын дәрігерлер жіті қадағалап отырмақ. Заңғар қазір әскери-полиция офицері болып еңбек етеді. Ол бұған дейін Қазақстан рекордын орнатқан болатын. Ал бұл рекордты қашықтыққа емес, уақытқа арнап отыр.
- 48 сағаттың ішіне менің демалуым, дәрігерлік көмек алуым, 4 сағаттық ұйықтауым кіреді. Бірінші күнгі жоспарланған 70 шақырымдық, ол яғни 7 сағатқа жоспарланған. Кейін 40 шақырым сайын 15 минут тоқтап, тамақтанып, демалып отырамын, - дейді ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов.