Қаралы қаңтар: Қазақстан бойынша 152 адам сотталып кеткен

0
554

Еліміз бойынша тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеп жатыр.


Қаралы қаңтар: Қазақстан бойынша 152 адам сотталып кеткен

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы бойынша 152 адам сотталып кеткен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі әдеттегідей, Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерді шақырмай кезекті бірлескен мәлімдеме жасады. Қайғылы қаңтар оқиғаларын арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел тергеу топтары тергеп жатқаны белгілі.

«Осы топтардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 44 терроризм актісі, жаппай тәртіпсіздік бойынша 47 іс қозғалған. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту бойныша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды», - деп мәлім етті Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін прокурорлар тергеп біткен істер бойынша Қазақстанда 150-ден астам адамның сотталғаны белгілі болды.

«Оның 269-ы қамауда отыр. Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның басым көпшілігі ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа да қиын емес қылмыстарға жатады. Осы қылмыстар үшін 152 адам сотталды», - деді Елдос Қилымжанов.