Өрт шыққан аумақты «Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағымен әуеден шолып шықты.
ERNUR.KZ. Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағында орман өртеніп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
12 тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабар түскен.
Өрт шыққан аумақта «Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағымен әуеден шолып шықты. Бастапқы болжам бойынша, өрт 70 гектар орман алқабын шарпыған.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның (77 адам, 13 техника), Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (25 қызметкер мен 6 техника), Кувск орман қорғау және жануарлар әлемі шаруашылығы (4 қызметкер мен 1 техника) мен еркін өрт сөндіру құрылымдарының (38 қызметкер мен 5 техника) күштері мен техникалары жұмылдырылды.