Қартайған ата-ана баласынан алимент өндіре ала ма - заңгер кеңесі

0
986

Алимент талап етуге зейнет жасына жету немесе жазатайым оқиғадан жұмысқа қабілетсіз болып қалу және басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін.


Қартайған ата-ана баласынан алимент өндіре ала ма - заңгер кеңесі

ERNUR.KZ. Кәмелет жасына толған баладан алимент өндіруге бола ма? Осы мәселеге қатысты заңгердің жауабын ҚазАқпарат жазады.

Қызылорда облысынан хабарласқан оқырман 5 жыл бұрын әйелімен ажырасқанын және әйелінде қалған баласына алимент төлеп жүргенін айтты.

«Кейін балам кәмелет жасына толып, жұмыс істеп жүрген жағдайда оған төлеп келген алиментті өндіріп ала алам ба? Өндіріп алудың шарттары қандай? », - деп сұрайды оқырман.

Оқырман сұрағына «AR Legal Expert» заң компаниясының заңгері Ақниет Мұқанов жауап берді.

«Егер сұрақ қойған азамат баласына алимент төлеп жүрген болса, кейін қажет болған жағдайда баласынан алимент талап ете алады. Алимент талап етуге зейнет жасына жету немесе жазатайым оқиғадан жұмысқа қабілетсіз болып қалу және басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін. Әкесі «Осынша мөлшерде қаражат аударып тұруы керек» деп талап қойған кезде сот оның баласының материалдық жағдайын, жалақысын ескере отырып шешім қабылдайды. Мысалы, шартты түрде алып қарағанда баласының жалақысы 100 мың теңге болса, оның 10-20 мың теңгесін әкесіне беріп отыруы керек болады. Осындай жағдайдың болуы мүмкін екенін білетін кейбір ана болашақта баласын әкесі мазаламас үшін бұрынғы жұбайынан алимент талап етпейтін жағдайлар да практикамызда кездесіп жатады», - дейді заңгер.