Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Бұл туралы ақпарат адвокаттары құрған justice_for_sherzat парақшасында жарияланды, деп жазады ulysmedia.kz.
– Қаржаубайдың күйеубаласы Айғазыға қатысты әкімшілік сот отырысы өткізілді. Ол 15 тәулікке қамалды, – деп хабарлады адвокаттары.
Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен.