Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан 700 млн теңгеге жуық өтемақы төлеуді талап етті

0
143

​Әр сотталушыдан 20 млн теңге қарастыру ұсынылды.


Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан 700 млн теңгеге жуық өтемақы төлеуді талап етті

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовтан моральдық өтемақы өндіруді сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

1. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;

2. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;

3. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;

4. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсынан 50 млн теңгеден, жалпы сомасы 100 млн теңге өндіру;

5. Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;

6. Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіру;

7. Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсынан 20 млн теңгеден, жалпы сомасы 120 млн теңге өндіруді сұраймыз», – деді жәбірленушілердің адвокаты.