5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланған еді.
Фото: Видеодан скрин
- Шерзат Полаттың соты бойынша айтсақ, үкім әлі күшіне заңды енген жоқ. Тараптардың бәрінде шағым түсіретіндей мерзімі бар. Бірақ процестің өзін көргісі келген қазақстандықтардың бәрінде мүмкіндік болды деп ойлаймын. Процесс өте сапалы, ашық, объективті өткізілді деп есептеймін. Үкім шығарылған кезде бүкіл дәлел, куә материалдары ескерілді. Мұндай ашық процестердің мақсаты сот әділ өтіп жатқанын, ешкі ештеңені бүркемелеп отырмағанын көрсету еді, - деді ол.
Сондай-ақ, ол күдіктілердің туыстары айтқан Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талаптарға пікір білдірді.