Қаржаубай Нұрымовтың үстінен жаңа іс қозғалды: адвокат мәлімдеме жасады

0
223

Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.


Қаржаубай Нұрымовтың үстінен жаңа іс қозғалды: адвокат мәлімдеме жасады

Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Полиция марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы оның адвокаты Асқар Қаймақов хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Адвокаттың мәлімдемесіне сәйкес, Нұрымовқа қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша айып тағылған. Қазір Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық бабымен қамауға алынған, қорғаушы оған берілген жазаны заңсыз деп санайды.

Қаймақов сот процесінде елеулі заңсыздық болғанын айтады. Ол сондай-ақ Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінен кейінгі оқиғада "Қаржаубай Нұрымовты туыстары мен адвокаттары ұстауды сұрады" деген полицияның мәлімдемесін жоққа шығарды.

– Туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім бермеді, - деп атап өтті адвокат.

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген.

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.