Қаржы министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліске қатысты түсінік берді

0
857

Көрші елде енгізілген карантин шараларына байланысты Ресей жағында автокөліктер жиналып қалған.


Қаржы министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліске қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрып қалған автокөліктерге қатысты жағдайға түсінік берді, деп жазады Tengrinews.kz

Кеше ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері "Қайрақ" кеден бекетінде екі тәулік кезекте тұрғаны хабарланған болатын.
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрші елде енгізілген карантин шараларына байланысты Ресей жағында автокөліктер жиналып қалған.
"Жүк көліктерінің кезегі 30 қазанда Қазақстан-Ресей шекара учаскесінде Ресей жағындағы "Бугристое" алдында пайда болды. Мұның себебі - 2021 жылдың 30 қазанынан бастап Ресей президентінің жарлығына сәйкес енгізілген Ресей Федерациясындағы карантин шаралары. Қазақстан аумағында кептеліс байқалған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
Жарлыққа сәйкес Ресейде 30 қазан мен 7 қараша аралығы жұмыс күні емес деп жарияланды, осыған байланысты қазақстандық және ресейлік тасымалдаушылар ҚР аумағына бет алған.
Қаржы министрлігі өкілдері Ресей тарапынан Қазақстанға орта есеппен "Қайрақ" АӨП арқылы күн сайын 600-ге жуық автокөлік өтетінін, бұл ретте 30 қазанда көрсеткіш 860-қа дейін күрт өскенін атап өтті.
"30 қазанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, Ресей жағында жағдай тұрақтанды", - деді министрліктегілер.