Кәсіпкер көп балалы 11 отбасыға үй сыйлады

0
1 513

Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов туған ауылындағы мұқтаж жандарға 11 үйдің кілтін табыстады.


Кәсіпкер көп балалы 11 отбасыға үй сыйлады

ERNUR.KZ. Қарағандыда кәсіпкер көп балалы 11 отбасыға үй сыйлады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында кәсіпкердің игі ісін оқырмандармен бөліскен, деп жазады Stan.kz.

"Мен белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұловқа телефон арқылы: Қарағанды облысындағы 11 көпбалалы отбасыға үй сыйлағаны үшін алғыс білдірдім. Шын мәнінде, азаматтың ұстанымы", - делінген мемлекет басшысының әлеуметтік желілерде жарияланған мақаласында.

"Астана Групп" президенті Нұрлан Смағұлов және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Ақадыр кенті, Шет ауданы, Қарағанды облысында тұратын көпбалалы отбасыларға үйдің кілтін табыстады. 11 тұрғын үй объектісі "Астана Моторс" ("Астана Групптың" еншілес ұйымы) өз қаражатынан сатып алған.

"Астана Моторс" компаниясы көмек көрсеткен отбасыларды таңдау кезінде жәрдемақы алатын және жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ көп балалы отбасылар басымдыққа ие болды.

"Бұл жерде менің әкем өсіп, балалық шағын өткізді. Табысқа жеткен кез келген адам өз отанының қарызын қайтаруы тиіс. Мен бүгін өз туыстарыма көмектескеніме қуаныштымын. Біздің компания қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады, адамдарға көмектеседі. Бұл біздің тұжырымдама, біздің өмір салтымыз және біздің философия, - деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Смағұлов.

Жалпы алаңы 100 шаршы метрден асатын барлық үйлер, шағын бақша және қажетті қосымша құрылыстар үшін меншікті жер учаскесі бар. Барлық үйлер толықтай жиһаздалған, бұл жанұяларға дайын тұрғын үйге кіріп, өз жинақтарынан абаттандыруға қаражат жұмсамай өмір сүруге мүмкіндік береді.