"Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады", - деді Президент.
ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Тоқаев.