Kaspi Bank басшысы үндеу жасады (видео)

0
2 369

Михайл Ломтадзе клиенттерді қолдау бағдарламасына кімдер қатыса алатынын айтты.


Kaspi Bank басшысы үндеу жасады (видео)

ERNUR.KZ. Клиенттерді қолдау бағдарламасына қатысуға ең алдымен жұмысынан айырылған немесе қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер өтініш бере алады. Бұл туралы банк басшысы Михайл Ломтадзенің айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Kaspi клиенттерін қолдау бағдарламасына қашан өтінім беруге болады?

- 2 сәуірден бастап, Kaspi.kz ұялы қосымшасында. Барлығын үйден шықпастан, онлайн жасау үшін мобильді қосымшада жасаймыз.

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтінімді қалай беруге болады?

- Біз Kaspi.kz мобильді қосымшасының ішінде ыңғайлы, қарапайым қызметті жасаудамыз. Ол дайын болған сәтте қосымша нұсқаулық таратамыз.

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу талаптары қандай?

- Kaspi.kz қолдау бағдарламасына жұмысынан айырылған және қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер қатыса алады. 3 маңызды шарт:

1. Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына өтінім берген сәтте кредиті бойынша төлем уақыты өтіп кеткен қарызы болмауы керек.

2. Кредит 2020 жылдың 18 сәуіріне дейін рәсімделген болуы керек.

3. Бағдарлама қатысушыларына қаржылық жағдайы нашарлап кетпес үшін қаржылық жағдайы жақсарғанша, жаңа кредит берілмейді.