Олардың жағаға шығуына құтқарушылар көмектесті.
ERNUR.KZ. Қараңғыда теңізге шыққан Маңғыстау тұрғындары қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Куәгерлер олардың көмекке мұқтаж екенін көріп, құтқарушыларға жүгінді. ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке жедел жетті.
Олар 1993 және 1994 ж.т. жастарды тауып, жағалауға жеткізді. Ерлердің жағдайы тұрақты.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.