Кассирді дәретханаға қамаған: Таразда қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонады

0
769

47 жастағы директор кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткен.


Кассирді дәретханаға қамаған: Таразда қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонады

ERNUR.KZ. Спорттық құмар ойын салдарынан қарызға батқан Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған, деп жазады ulysmedia.kz.

«7 қыркүйекте Тараз қаласының «102» арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

“Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, «Тосқауыл» жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды”, – деп мәлім етті ведомство.