Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.
Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.