​Қасым-Жомарт Тоқаев: Автокөлік құрастырудың анағұрлым күрделі деңгейіне біртіндеп көшу керек

0
389

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің басқа да болашағы зор салаларын дамытқан жөн


​Қасым-Жомарт Тоқаев: Автокөлік құрастырудың анағұрлым күрделі деңгейіне біртіндеп көшу керек

Қасым-Жомарт Тоқаев автокөлік құрастырудың анағұрлым күрделі деңгейіне біртіндеп көшу керектігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.



Қасым-Жомарт Тоқаев:


«Енді автокөлік құрастырудың анағұрлым күрделі деңгейіне біртіндеп көшу керек. Елімізде өңдеу өнеркәсібінің басқа да болашағы зор салаларын дамытқан жөн. Сондай-ақ, ішкі нарықтың сұранысын толық өтегеннен кейін бизнесті экспортқа шығуға бағыттау қажет. Мұндай қадам кәсіпкерлеріміздің бәсекеге қабілеті жоғары екенін көрсететін болады.

Нақты секторды ұзақ мерзімге арналған қаржымен қамтамасыз ету – өнеркәсіп саласын қарқынды дамытудың негізгі шарты. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін тиімді пайдалану – осы мәселені шешудің бір амалы. Бұл ретте, әрине, міндетті түрде зейнетақы жинағының сақталуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан, экономиканы әртараптандыруға және индустрияландыруға ықпал ететін жобаларды мұқият іріктеу қажет»