Қасым-Жомарт Тоқаев екі бірдей заңға қол қойды

0
333

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Қасым-Жомарт Тоқаев екі бірдей заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.