Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады

0
105

Президент ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

– Бұл айтулы күн сабақтастықтың, бірлік пен ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі саналатын сан ғасырлық Норвегия монархиясының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Сіздің қалтқысыз қызметіңіз мемлекетті одан әрі өркендетіп, халықтың игілігін арттыра беретініне сенімім кәміл, деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.