"Қатаң жазаланады": Елорда әкімі үндеу жасады

0
1 282

Көлгінов кінәлі адамдар қатаң жауапқа тартылатынын ескертті.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық тамақтану орындарындағы газ баллоны жарылысына байланысты елордалық кәсіпкерлерге үндеу жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қала әкімі қайғылы жағдайдан кейін полиция мен ТЖД өкілдеріне қоғамдық және тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуын тексеруді тапсырған болатын.

Көлгінов газ баллоны жарылысына кінәлі адамдар қатаң жауапқа тартылатынын ескертті.

"Газ баллонын қолданатын, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, әсіресе қоғамдық тамақтандыру нысандарымен жүрген кәсіпкерлерге айтқым келетіні - азаматтардың қауіпсіздігін ұмытпаңыздар. Кінәлілер қатаң жауапқа тартылады, адам шығыны болған жерде ешқашан жақсылық болмайды.
Зардап шеккендерге көмектесу керек - кәсіпкерлерге айтамын. Мемлекет көмектен қашпайды. Жауапкершіліктен қашпау керек. Бұл жағдайда бірінші кезекте кәсіпорынның басшысы жауап береді. Жауапкершіліктен ешкім құтылмайды. Сондықтан тексерушілер қашан келеді деп күтпеңіздер", - деді елорда әкімі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Еске салайық, 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тағы да жарылыс болған еді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Мұндай жағдай 22 қарашада да болған еді