Әнші жазбасын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Әнші Қайрат Нұртас желідегі жұмбақ жазбасымен жұртты еріксіз ойландырып қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әнші жазбасын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
«Келмесе де өткен іске өкінгім, жасырмаймын,
Кейде қатты өкіндім.
Өкпелеткен жанның бәрін сол сәтте,
Жүрек тыныш болуы үшін кешірдім…», - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әншінің жазбасына желі қолданушылары қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Сен жүрген жолмен еңбекқор, өнерді жан-тәнімен сүйетін жан ғана жүре алады. Өнер жолы-ауыр жол», «Өкінгеннен пайда жоғын білемін», «Өкініш, қайғы, уайым, реніш адам баласына пайда емес, жазылмас дертке душар ететін зиянды нәрсе», - деп жазды желі қолданушылары.