"Қатты жел тұрып, үсік жүреді". 29 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0
611


Сурет: Pixabay

"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 29 қыркүйекте Астанада және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп жазады Zakon.kz.


Түнде және таңертең Астанада 29 қыркүйекте тұман болады, түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтсүтігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкенттежәне Түркістанда 29 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 29 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Көкшетауда да 29 қыркүйекте түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, түнде облыстың солтүстігінде, батысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады, түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Семейде 29 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында аздап нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 29 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі.





Түнде Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 29 қыркүйекте жоғары өрт қаупі күтіледі.

29 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 29 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Петропавлда 29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 29 қыркүйекте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде 3 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.