Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ERNUR.KZ. "Охотзоопромның" қаза тапқан 43 жастағы инспекторының аты-жөні Қаныш Нұртазинов. Оның артында төрт баласы қалды, деп жазады baq.kz.
Нұртазинов Қаныш Серікұлы 24 қаңтар 1976 жылы дүниеге келген. Ол "Охотзоопром" ӨБ РМҚК Орталық өңірлік филиалына 2016 жылы 5 қаңтар күні жұмысқа тұрған. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалды. Үш қыз және 2011 жылғы ұл. Қаныш Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрған.
Қазіргі уақытта оның денесін туған жерге жеткізу шаралары қарастырылып жатыр. Жарақаттанған Самат Оспановқа Державинск қаласындағы аудандық ауруханада ота жасалып жатыр. Оған санавиация шақырылған еді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалған еді.